Жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімінің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
- author «Ақ жол»
- 1 мамыр, 2023
- 275
Жамбыл облысы әкімінің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке біздің көпұлтты еліміздегі, бейбітшілік пен келісімнің символына, берік саяси негізіне, гуманизм мен төзімділіктің нық ұстанымына айналды.
Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.
Түрлі кезеңдерде түрлі жағдайлармен Ұлы Далаға көптеген ұлттар мен этностық топтардың өкілдері қоныс аударған. Уақыт өте келе олар мұнда жергілікті халықпен үндесіп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның толыққанды және ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде біз бірлігіміздің арқасында еліміздің қайғысымен мен қуанышын тең бөлісіп, қиындықтарды бірге еңсеріп келеміз. Бізді көп нәрсе, әсіресе, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға деген құштарлық байланыстырады. Қазақстан халқының бірлігі күні – сексеннен астам ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен ететін біздің аймақ тұрғындары үшін де айрықша маңызға ие.
Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз қилы кедергілерден өтіп, экономика мен әлеуметтік салада жетістіктерге қол жеткізудеміз. Біздің басты жетістігіміз – ортақ үйіміздегі тыныштық пен татулықтың сақталуы.
Баршаңызды осынау мейірімділік пен достыққа үндейтін мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақыт және береке тілеймін!
Отаншылдыққа, өз жерімізге және ортақ құндылықтарымызға деген сүйіспеншілігіміз біздің бірлігімізді одан әрі нығайта түседі деп сенемін!
©️Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді