Мамырым – шуағым
Ынтымақ менің бағамдай,
Алаңсыз сәби шағымда.
Мамырлап жеткен бұл мамыр,
Анамның алақанындай.
Сылдырап ақты бұлақ та,
Қырға шық, қыдыр, мін атқа.
Ешқандай жылу жетпейді,
Мамырда жеткен шуаққа.
Мамырым менің мерекем,
Мамырым менің берекем.
Қазағым барша ұлысқа,
Құшағын ашқан ел екен.
Қуанар дала бұл күні,
Мейрамның биік тұр құны.
Арта берсін елімнің,
Татулық, достық, бірлігі!
Айсұлу ЖҮНІСБЕК, Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




