Жылылық мейрамы
Шуақ көремін, ізгілік көрем мамырдан,
Шаттық көрем ару қыздардан, сан ұлдан.
Осы бір шақтың қызығы мәңгі бітпесін,
Жақсылық болып маңайымыздан табылған.
Мамыр дегенің – ынтымақ, бірлік, ірілік,
Достығың тұрсын бір-бірлеріңе білініп.
Нұрлы күндердің бастамасы осы сәт,
Мамыр дегенің – біле-білгенге жылылық!
Мамырдан көрем сәттердің бәрін қолайлы,
Жолықтырамын шат күлген апай, ағайды.
Білген жандарға шаттық пен күлкі, думан күн,
Мамыр келгенде мамырлап тегіс тарайды.
Жас жігіттер мамырда қолға күл алсын,
Аналар, қыздар ұсынған гүлді құп алсын.
Ынтымақ күні татулық жайлап әлемді,
Адамның бәрі шат-шадыман боп қуансын!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




