Жамбылда не жаңалық?
Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды
- author «Ақ жол»
- 28 сәуір, 2023
- 663
Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласында салынып жатқан 200 орындық облыстық көпсалалы онкологиялық және хирургиялық орталықтың құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда бас мердігер «Тур-Ахмет и Компания» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, технологиялық жабдықтарды іске қосу шараларын жүргізуде.
Орталық КТ, магнитті-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентген аппараты, эндоскопиялық құрал, ультрадыбыстық аппарат секілді заманауи жабдықтармен қамтылуда. Орнатылған желілік үдеткіштің көмегімен онкологиялық науқастар үшін сәулелік терапияның жоғары тиімді әдістері енгізілетін болады.
Сондай-ақ, кеуде және жалпы хирургия, радиология, сәулелік гимнастика, гематология, гинекология, химиотерапия, реанимация және тағы да басқа бөлімдері бар.
Облыс әкімі емдеу кабинеттерін аралап, медициналық құрал-жабдықтарды көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.
- Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізу бойынша міндеттер қойып отыр. Осы орайда онкология және хирургия орталығының құрылысы – өте маңызды жоба. Мердігерлерге мұндай ірі нысанның құрылысын кешіктірмеу, уақытылы аяқтау тапсырылған болатын. Дегенмен, жұмыс кестесі бұзылып отыр. Мердігерлердің бірі МРТ аппаратын іске қосуды кейінге қалдырған. Соңғы мерзім – 2 мамырға дейін уақыт беріліп отыр. Егер компаниялар өз міндеттемелерін орындамаса, келісімшарттарды бұзу керек, - деді Нұржан Нұржігітов.Аймақ басшысы аурухана базасында мердігер ұйым өкілдерімен кеңес өткізді. Нұржан Нұржігітов мердігерлерді құрылыс жұмыстарының мерзімін сақтамағанын сынға алып, бұзушылықтарды жою және медициналық құрал-жабдықтарды орнатуға қатысты мәселелерді жедел шешуге қатысты міндеттер жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




