Жаңалықтар
Ауылдардағы интернет және байланыс мәселелері талқыланды
- author «Ақ жол»
- 27 сәуір, 2023
- 650
Ауылдардағы интернет және байланыс мәселелері талқыланды
Өңірде өткен халықаралық экономика және инвестициялық форумы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округінде және Дихан ауылдық округінің Аймантөбе ауылына ат басын бұрды. Аталаған ауылдардағы интернет сапасына қатысты мәселелерді шешу мақсатында елді мекендерді аралаған министр бірқатар кәсіпкермен және ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер нәтижесінде мәселелерді маусым айына дейін шешу жұмыстары қолға алынатын болды.
– Біздің мақсатымыз – осы өңірдегі ауылдарды аралау арқылы елді мекендерге қызмет көрсететін ұялы байланыс операторлары жұмысының сапасын зерделеу. Қандай базалық стансалар салып жатқанын өз көзімізбен көру. Тиісті тарапқа интернет сапасын жақсарту бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Бүгін олармен кездесу барысында жоспарларын тыңдадық. Басты мақсат – тезірек базалық стансаларды салып, жергілікті халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету, – деді Бағдат Мусин.Сонымен қатар, кездесуде жол картасындағы басты бағыт – өңірдегі барлық ауылдарды жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз ету тілге тиек етілді. 300-ге жуық елді мекендердегі осындай мәселелердің түйінін тездетіп шешу керектігі баса айтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




