Экономика
ZHEIF-2023: Облыста интернет және байланыс сапасын жақсартуға бағытталған Жол картасына қол қойылды
- author «Ақ жол»
- 27 сәуір, 2023
- 617
ZHEIF-2023: Облыста интернет және байланыс сапасын жақсартуға бағытталған Жол картасына қол қойылды
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысында мобильді және талшықты-оптикалық байланысын қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойылды. Оған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және байланыс операторлары қатысты. Айта кету керек, «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында 2023-2027 жылдарға арналған «Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы» байланыс операторларымен келісіліп әзірленген.
Аталған министрлік цифрландыру мен байланысты дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру міндеттемесін алып отыр.
Жол картасы сәйкес, өңірдің 210 елді мекенінде мобильді интернет сапасын жақсарту, 155 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету, республикалық және негізгі облыстық маңызы бар жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және тағы да басқа жұмыстар жоспарлануда.
Жоспарлы жұмыстар 2027 жылдың соңына дейін жалғасады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




