Әлібек Қуантыров Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Әлібек Қуантыров Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
ашық дереккөз
Әлібек Қуантыров Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Жамбыл ауданындағы Өрнек ауылы және Тоғызтарау, Ерназар, Аса ауылдық округтерінің тұрғындарымен кезедесті. Өрнек ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді және сумен жабдықтау жүйесінің тозғанын айтты. Министр бұл мәселеге ерекше назар аударылатындығын атап өтті. Үкіметтің міндеті – алдағы екі жыл ішінде ел тұрғындарын таза ауыз сумен 100% қамтамасыз ету. Тоғызтарау ауылдық округі тұрғындарының айтуынша, газдандыру мәселесі өткір тұр. Олар қаржы бөлуді қарастыруды сұрайды. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, кентішілік газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жалпы құны - 446,6 млн.теңге. Бюджеттік өтінім республикалық және облыстық бюджетке жолданған. Магистральдық газ құбырын жүргізу бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Жобаның құны 236,5 млн.теңге. Ә.Қуантыров бұл жобалардың тұрғындар үшін аса маңызды екенін айтты. Мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша қаржыландыру мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ, министр азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар электрмен жабдықтау тарифтері мәселесін шешуді сұрады. Аса, Шайқорық, Жұма ауылдары теміржол станциясының электр желісіне қосылғандықтан, тариф жақын маңдағы елдімекендерге қарағанда жоғары. Жергілікті әкімдік өкілдері аудандық электр желісіне қосылу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бюджеттік өтінім жолданғанын хабарлады. Бұл мәселе жауапты ведомствомен пысықталады, деді ҰЭМ басшысы. Бұдан бөлек, аудандық аурухана инфрақұрылымын жаңғырту және қайта құру құру мәселелері көтерілді. Ә.Қуантыровтың айтуынша, аталған мәселелердің барлығы жергілікті билікпен және өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралады. Проблемалар кезең-кезеңмен шешіледі. Қаракемер ауылында министр ауыз су құбырының құрылысымен танысты. Жоба осы жылы аяқталады. Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы «Әлихан» ЖК бордақылау алаңында болды. Шаруа қожалығы 2022 жылдан бері «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жұмыс істеп келеді. Қожалық иесі жылдық 2,5%-бен 7 млн. теңге несиеге 15 бас жылқы сатып алып, ет өндірісімен айналысады.

Ұқсас жаңалықтар