- Advertisement -

ZHEIF-2023: Байзақта картон және қаптама шығаратын бірегей зауыт іске қосылды

18

- Advertisement -

Жамбыл облысы Байзақ ауданында гофрленген картон және тастан жасалатын дайын қағаз қаптама өндірісі іске қосылды.

«KazStoneBox» ЖШС-нің гофрленген картон өндіру зауыты «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында ашылып отыр.

Соңғы нұсқадағы автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын жаңа үлгідегі озық технологияларды пайдаланатын инновациялық, энергия сыйымдылығы жоғары өндіріс орны болмақ.

Зауыттың ашылуында сөз алған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдің өнеркәсіп саласында және инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі.

— Біз өз кезегінде осындай өндіріс ошақтарын ашу бойынша инвесторларды тарта отырып, тиісті жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Бұл жоба аудан және өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін! Ал, жергілікті атқарушы органдар тарапынан өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне жан-жақты қолдаулар көрсетілетін болады,-деді аймақ басшысы.

Бұдан соң аймақ басшысы мен «KazStoneBox» ЖШС басшысы Берік Үмітқалиевтің қатысуымен тетік басылып, зауыт іске қосылды.

Айта кетейік, құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жоба жылына 12 мың тоннаға жуық өнім өндіруге қауқарлы. 50-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Берік Үмітқалиевтің айтуынша, минералды шикізаттан жасалған қаптама шығаратын бұл кәсіпорын посткеңестік елдерде баламасы жоқ,  шикізат ретінде минералды  кальций карбонатын пайдаланатын бірегей өндіріс орны болып табылады.

— Кәсіпорынның өзге өндірістерден айырмашылығы – шикізатқа тәуелді болмайды. Сондай-ақ, жыл сайын шамамен 500 мың тал-дарақты кесуден құтқарып, қайталама шикізат пен макулатура жинауды қажет етпейді. Кальций карбонатын шикізат ретінде пайдалану экологиялық таза және тиімді бизнес-жоба.,-деді кәсіпорын басшысы.

Кәсіпорын жұмысының тағы бір артықшылығы – өндірілетін өнімнің сапасын дер кезінде бақылауға мүмкіндік беретін толық технологиялық циклдың болуы.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support