Кітап – алтын қазына

Кітап – алтын қазына
ашық дереккөз
Кітап – алтын қазына
Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап – алтын қазына» атты мерекелік кешті Тараз қаласындағы №23 орта мектептің базасында өткізді. Іс-шараны аталған кітапхана директорының орынбасары Толқын Күзенова сөз сөйлеп ашып, мерекелік кешке сәттілік тіледі. Ал аталған №23 орта мектептің директоры Саясат Есеев бұл білім ошағының балалары кітапқа ерекше қызығатынын айтып, балаларды іздеп келген кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Мұнан соң кездесу «Асыл арман» би ансамблінің биімен ашылып, классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі желісімен көрініс көрсетілді. Балалар мақал-мәтел, сұрақтар қою арқылы викториналық ойын ойнады. «Әріптер сөйлейді» атпен екі топқа бөлінген балалар берілген әріптерден сөз құрай отырып жарысты. Алмат Жұматаев әннен шашу шашып, №23 мектеп оқушылары Айбек Стамқұл күмбірлете күй тартса, Жәнібек Қалқабай «Жаса, қазақ» патриоттық әнін шырқады. Кітапхана ұжымы «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.  

Мира РАСУЛОВА,

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ақпараттық- библиографиялық секторының редакторы.

Ұқсас жаңалықтар