- Advertisement -

Өңірге тың серпін берген жобалар

59

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы, облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан.

Мәселен, былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялар 423,1 миллиард теңгені құрап, 1,2 пайызға өсті. Индикатордың орындалуы 86,5 пайызды құрады. Индикатордың өткен жылы толық орындалмауының басты себебі, дәлірек айтсақ, облыс аумағында іске асырылатын ірі инвестициялық жобалардың өтпелілігі. Яғни, «Qazaq Soda», «Шокпарская ЖЭС», «Monterra Qasaqstan», «ЕвроХим- Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылға жоспарланып, қазіргі таңда ондағы құрылыс жұмыстары басталып кеткен.

Былтыр облысымызда «Бизнеске арналған үкімет» фронт кеңсесінде

облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен 23 өңірлік инвестициялық штаб отырысында құны 1,6 триллион теңгені құрайтын 66 (15 – шетелдік инвестордың қатысуымен) инвестициялық жоба қаралды. Биыл 8 инве стициялық штаб отырысы өткізіліп, 27 миллиард теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба қаралды. Инвестициялық штаб отырыстары аясында 40 тапсырма берілді.

Өңірлік инве стициялық шт аб отырысы аясында 60 миллиард теңгеге инвестиция тартылып, 1,2 миллиард теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұдан бөлек, 400 миллиард теңге құрайтын 12 перспективалық жоба әзірленді.

Осы жылдың І тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 68,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 3,1 пайызға өскен.

2023 жылы облыстың алдына қойылған индикатор (572,2 миллиард теңге) толық орындалатын болады.

Бұл көрсеткіш келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. Бюджет есебінен салынатын инвестициялар – 140 миллиард теңге;
  2. Шетелдік инвестициялар – 50,3 миллиард теңге, барлығы 9 жоба;
  3. Инвестициялық жобалар – 212 миллиард теңге, барлығы 27 жоба;
  4. Жеке инвестициялар есебінен – 169,9 миллиард теңге.

Облысқа 2021 жылы 20,2 миллион АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвестициялар тартылды. Ал 2022 жылға белгіленген индикаторға сәйкес, облысқа тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 107 миллион АҚШ доллары болып бекітілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысқа 60,2 миллион АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 206 пайызға өсім көрсетті.

Биылға белгіленген индикаторға сәйкес, облысқа тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 108 миллион АҚШ доллары болып бекітілді.

2022-2025 жылдары жалпы құны 2 триллион теңгені құрайтын 75 инвестициялық жобаның базасы қалыптастырылып, әр жоба бойынша іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарыда көрсетілген жобалар табысты іске асырылған жағдайда 8800 жаңа жұмыс орны ашылуы және 60 миллиард теңгеге салық түсімдер бюджет есебіне түсетіні күтілуде. Жалпы сомасы 300 миллиард теңгеге өнім өндіру күтілуде, онда өнімнің 40 пайызға жуығын экспортқа жіберу жоспарланып отыр (120 миллиард теңге). Импортты алмастыру мақсатында кальцийленген сода, медициналық бұйымдар, минералды тыңайтқыштар, металл конструкциялары, тамақ саласының өнімдері және тағы басқа өнімдерді өндіру жоспарлануда.

Облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,61 триллион теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске асуда, жобалар бойынша 4500 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделуде.

 

 Әлішер СҰРАНШЫ,

облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы инвестиция және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support