- Advertisement -

Интернет желісі мен байланыс жылдамдығы артуда

141

- Advertisement -

«Цифрлы Қазақстан» жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық салаларының барлығына үлкен өзгерістер алып келеді. Себебі, ақпараттық технологиялар мен платформалар бизнес үлгілерін түбегейлі өзгертіп, делдалдарды жою және оңтайландыру арқылы олардың тиімділігін арттыруда.

Бүгінгі таңда облысымызда елді мекендерді сапалы мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. Атап айтсақ, аймақтағы 367 елді мекеннің 68-і (18,52%) – 2G, 124-і (33,78%) – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен, 172 елді мекен (46,86%) – жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Дегенмен, облыста мобильді байланыспен қамтамасыз етілмеген үш елді мекен бар. Олар Сарысу ауданындағы – Қамқалы, Жуалы ауданындағы – Күркіреусу стансасы мен Қаратас ауылы. Биыл Қамқалы ауылын «Kcell» АҚ мобильді интернетпен қамтамасыз етуге міндеттеліп отыр. Ал Күркіреусу стансасы мен Қаратас ауылдары бойынша мобильді операторлардың техникалық мүмкіндіктері қарастырылуда.

Облыстағы 371 елді мекеннің 191-і талшықты оптикалық байланыс желісіне қосылса, 180 елді мекен қамтылмай отыр. Биыл «Кcell» акционерлік қоғамының жоспарына сәйкес, 24 елді мекенде 3G, 28 ауылды 4G мобильді байланысының сапасын жақсарту көзделген. Бүгінгі күнге 2 елді мекенде 4G (Меркі ауданы – Кеңес, Андас батыр) және 3 елді мекенде 3G (Талас ауданы – Талапты, Жуалы ауданы – Алатау, Т.Рысқұлов ауданы – Көкдөнен) мобильді интернетінің сапасы жақсартылды.

«Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 23 елді мекенде (40 базалық станса) 4G мобильді байланысының сапасын жақсартуды жоспарлауда. Бүгінгі таңда Жуалы ауданы, Көлбастау және Тәттібай Дүйсебайұлы елді мекендерінде мобильді станса орнатылып 4G мобильді байланысының сапасы жақсартылды. Сондай-ақ, «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында 2023-2027 жылдарға арналған «Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы» байланыс операторларымен келісіліп, әзірленуде.

Бұдан бөлек, білім саласында «Ата-ана бақылауы» жобасы енгізілуде. Бұл жоба арқылы мектептерде орналасқан турникеттер арқылы жеке тұлғаның биометриялық (FaceID) параметрлерін қолдану мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, мобильді қосымша әзірленді, ол ата- аналарға баланың автобустан шыққаны, мектепке барғаны, асханада ақы төлегені және үйіне оралғаны туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Әзірленген «ата-ана бақылауы» ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы баланың ақпараттық деректерін біріктіреді және ақпарат баланың ата-анасына беріледі. Соңғы мәліметтер бойынша, қосымшада 6314 ата-ана мен 4374 бала тіркелген. Жоғарыда аталған пилоттық жоба 10 мектепте енгізілген.

 

Гүлпара ТАШЕНОВА,

«Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support