Жаңалықтар
Жамбыл облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 18 пайызға өсті
- author «Ақ жол»
- 22 сәуір, 2023
- 621
Жамбыл облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 18 пайызға өсті
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Басқосу барысында еңбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелері қаралды.
Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Ағымдағы жыл басынан бері облыстағы 635 кәсіпорын 18 511 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 18 пайызға өсірген.
6 кәсіпорында 394,1 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек анықталып, бүгінде ол жұмысшыларға толығымен төленді. Бұдан бөлек 290 қызметкердің еңбек құқығы қорғалған.
Сондай-ақ, жиында Тараз қаласы мен аудан әкімдері, кәсіпорын өкілдерінің есептері тыңдалды.
– Кез келген қиындықтарға қарамастан, кәсіпорындар бірінші кезекте жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеуге міндетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалақыны жыл сайын көбейту маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.Облыс әкімі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысын саралап, реформалауды тапсырды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға еңбек жанжалдарының ошақтарын анықтау, олармен жан-жақты жұмыстар жүргізу, мәселелерді шешу бойынша жедел шаралар қабылдау жүктелді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




