Жуалы
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Көлтоған ауылында дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның сырты қандай көрікті болса, іші де соған сайма-сай. Ең бастысы, емделуші үшін не қажеттің бәрі де қарастырылған. Тіркеу орнынан бастап күндізгі стационар, әйелдер, балалар және егу бөлмелері, зертхана болсын бөлек-бөлек орналастырылған әрі қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Бұл жұмыстарға қазынадан 87 миллион теңге жұмсалыпты. Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Оған аудан әкімі Б. Құлекеев қатысып, көлтоғандықтар қуанышына ортақтасты.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




