Айт мерекесі - жамағаттың берекесі
Кеше барша мұсылман қауымы ораза айт күнін қарсы алды. Отыз күн ауыз бекіткеннен кейін келетін ораза айты – ерекше мейрам. Бұл күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіндегі жұмыс қарбаласқа толы болды. Осы күні таңертеңмен мыңдаған жамағат облыстың бас мешітіне жиналды. Біріне-бірі ақ тілек айтып, айт мерекесімен құттықтап, мәре-сәре.
Бас мешітке жиналған көпшіліктің алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз алып, жұртшылықты айт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ол айт мерекесінің құндылығы, оразаны толық өтеудің нығметі, имандылықтың ізгі жолдары жөнінде уағыз-насихат айтты. «Асыл дініміз тек ізгіліктен құралған. Жаратушы пендесіне ауырлықты қаламайды. Оразаның нығметі мен сауабы мол. Айт күні мешітте құлшылық жасап, ағайын-туыс, танысқа айттағанның жақсылығы өте көп. Ол сауапты іс. Сол сауапты амалға ұмтылып, ізгі қадам жасауларыңызға тілектеспін», деді.
Мұнан соң мешіттегі жамағат бас имамға ұйып, айт намазы оқылды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Оқырманымен бірге басылым
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді