Жаңалықтар
Жамбыл облысында биыл 106 тұрғын үй асар әдісімен салынады
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2023
- 711
Жамбыл облысында биыл 106 тұрғын үй асар әдісімен салынады
Жамбыл облысында ағымдағы жылы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаждар үшін 106 тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Атап айтсақ, облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, Тараз қаласында 10, Байзақ ауданында 10, Жамбыл ауданында 8, Жуалыда 10, Меркіде 10, Мойынқұмда 6, Қордайда 15, Сарысуда 8, Таласта 9, Шуда 9, Т.Рысқұлов ауданында 11 үй салынады деп жоспарланған.
Оның ішінде 69 жаңа құрылыс, 24 күрделі жөндеу және 13-і сатып алу арқылы жүзеге аспақ.
Осыған орай, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов 2020 жылы басталған жобаның негізгі тәрбиелік мәнін назарда ұстау керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеген болатын.
«Асарлатып үй салу» жобасының басты мақсаты - ауыл жұртшылығын жанашырлық пен бірлікке жұмылдырып, сол арқылы жас ұрпаққа өнеге көрсете отырып, әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға үй соғып беру.
Жалпы, бұл жоба бойынша 2020-2022 жылдар аралығында 338 отбасы баспанамен қамтылған.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы 99 тұрғын үй, 2021 жылы 134, 2022 жылы 105 үй тапсырылған.
Жамбыл облысының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




