Жаңалықтар
«Парасат жолы – адалдық жолы» атты брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2023
- 1.3k
«Парасат жолы – адалдық жолы» атты брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті
31 наурыз күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Саналық ұрпақ» жобасы аясында студент жастардың ақыл-ой тапқырлығы мен жылдамдығын бақылау және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасат жолы – адалдық жолы» атты брейн-ринг интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Ойынға колледждің түрлі факультеттерінен «Stopcor», «Cherry blossom», «Жалын» және «Wi-Fi» топтары қатысып, «Әділетті Қазақстан», «Қазақстан тарихы», «Кино әлемі», «Сазды әуен» бағыттарындағы түрлі сұрақтар мен ситуациялық жағдайларға жауап берді.
Аталмыш байқауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев пен колледж директорының құқық жөніндегі орынбасары, комплаенс-офицер Ұ.Жумадилова төрелік етіп, әділ бағаларын берді.
Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша «Stopcor» командасы жоғары ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




