Жаңалықтар
Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2023
- 772
Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әбдібеков Данияр Темірбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Данияр Темірбекұлы 1969 жылы туған.
Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетін «құрылыс», Орталық-Азия университетін «құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы аудандық жеміс-көкөніс базасында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау басқармасы Қаскелен аудандық агенттігінің маманы, Қарасай аудандық сәулет және құрылыс комитетінің инженері, Алматы облысының жылжымайтын мүлік орталығының Қарасай аудандық филиалы басқарушысының орынбасары, басқарушысы, сондай-ақ, Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 жылғы қарашадан бастап Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




