Үш ойын алаңы ашылды
Бүгінгі таңда облысымызда ауылдардың бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту әлеуметтік жобасы жалғасуда. Осының аясында үш ауылда демеушілер есебінен салынған ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Облысымыздың Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Ұланбел елді мекендерінде жергілікті халықтың өмір сүру сапасын және осы ауылдардың жайлылығын арттыруға арналған жергілікті инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС және «Дамыған әлем» қоғамдық қорының бірлескен күш-жігерімен, Ұланбел ауылында балалар ойын, воркаут және баскетбол алаңдарын салу ісі аяқталып, пайдалануға берілуде.
Сондай-ақ, аталған демеушілердің қаржылық қолдауымен «Дамыған әлем» қоғамдық қоры Ойық, Бөлтірік шешен және Сейілбек елді мекендерінде де осы секілді жұмыстары аяқталып, ел игілігіне тапсырылуда.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




