Жаңалықтар
Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті
- author «Ақ жол»
- 17 сәуір, 2023
- 584
Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті
Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Төтенше жағдайлар
Оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнындағы жедел үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




