Жаңалықтар
Алматы кеденінде дәрі-дәрмек контрабандасының партиясы тәркіленді
- author «Ақ жол»
- 15 сәуір, 2023
- 675
Алматы кеденінде дәрі-дәрмек контрабандасының партиясы тәркіленді
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Авиациялық көлік прокуратурасының бастамасымен Үндістаннан әкелінген контрабанданы тәркіледі, деп хабарлайды Aq jol. kz Egemen.kz. ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Таза салмағы - 356 кг болатын 54 449 дана «тағамға биологиялық белсенді қоспа» деген атпен дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) енгізуге тырысқан».
Кедендік сараптама нәтижесінде тауар «дәрілік зат» болып табылатыны және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.
Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауарлардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 234-бабында көзделген «экономикалық контрабанда» бұзушылық белгілері байқалады, осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
2023 жылдың басынан бастап Департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтады, айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




