«Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарын құру уақыт талабынан туған маңызды мәселе еді. Себебі, тәуелсіз елдің елжанды, жаңа тұрпатты жастар шоғырын қалыптастыра отырып, балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерін біріктіріп, жұмысты бір жүйеге түсіру қажет болды. Міне, бүгінде Елбасы бастамасы көздеген үдеден шығып отыр. Бір ұйымға топтасқан қазақстандық ұландар түрлі қоғамдық шараларға атсалысып, өз белсенділіктерін танытып жүр. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары мен жетекшілерінің жоспарлы жұмыс жүргізуінің арқасында бұл үдеріс қалада да, ауылдық жерлерде де тең өрбуде. Осы арқылы елді мекендердегі жастардың жайы айқындалып, көкейкесті мәселелері шешімін табуда. «Жас ұлан» ұйымының жүйелі жұмысын кестеге сәйкес өткізілетін аймақтық конференция, облыстық форумдардан көруге де болады. Сондай шараның бірі жуырда Т. Рысқұлов ауданындағы №2 орта мектепте өтті. «Жоғары сынып оқушыларының азаматтық белсенділігі» атты аймақтық конференцияда Меркі, Байзақ аудандары мен құландық жеткіншектер бас қосты. «Жасұландықтардың» жиынына облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Ғалия Мұратқызы қатысты. Атауы айтып тұрғандай, оқушыларды белсенді өмір салтын ұстануға шақырған шарада талқыланған мәселе – ұйымның келешегі мен жастар жайы. Мәселен, Меркі ауданынан келген ұланбасы Перизат Берікқазы «Елдің ертеңі азаматтың белсенділігі жоғары ұрпаққа байланысты» деген тақырыпта баяндама жасаса, байзақтық «Жас ұлан» Мадина Нұржан заман ағымына қарай құрбы-достарын серпілту жолдарын сөз етті. Ал Т. Рысқұлов ауданындағы Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектептің оқушысы Ақбота Әбдіқұлова ортаға салған ойы «жасұландықтардың» болашағы жайлы болды. Соңыра конференцияға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Жалпы, жиын жасөспірімдердің белсенділігі қандай деңгейде екенін көрсетіп бергендей болды. Сондықтан, ортақ мәселені талқылаған «жасұландықтар» басқосуы алдағы уақытта басқа аудандарда да жалғасын таба бермек.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді