Айзере

Айзере
ашық дереккөз
Айзере
Аға-әпкелерін әжесі тысқа шығарып ойнатқанда, екі жасар Айзерені терезеге тұрғызып қоятын. Кішкентай қыз сырттағыларды терезеден қызықтап, өзі қанша ұмтылса да әжесі: «Сен үстіңді былғайсың. Құлайсың» – деп үйге қамап кететін. Бірде терезеден далада асыр салып ойнап жатқандарға қызығып қарап тұрған кішкентай Айзере: – Әже! Әже! – деп дауыстады. Терезеге қарап: – Әу, құлыным, – деген әжесіне: – Өл, қақпас! – деді Айзере аузы бұртиып. Атасы әжесімен сөзге келгенде осылай деуші еді. Соны жаттап алыпты. Бала – айна, үлкендер не айтса, соны қайталайды деген осы...

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар