«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еңбек қауіпсіздігі қадағалануда

Еңбек қауіпсіздігі қадағалануда
ашық дереккөз
Еңбек қауіпсіздігі қадағалануда
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады. Басқармамен 2022 жылы облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында 165 тексерулер жүргізіліп, 223 заңбұзушылықтар анықталған болатын. Оның ішінде:158 еңбек қатынастарына, 63 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға және 2 халықты жұмыспен қамтуға қатысты. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 84 нұсқама беріліп, заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 14 ескерту және 26 әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулылар шығарылып, 7,1 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, олар толық өндірілді. Сонымен қатар, еңбек инспекторларымен басқармаға келіп түскен 763 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының 590-ы өндіріске алынып, 308-і қанағаттандырылса,151-і бойынша түсіндірмелер берілді, 173-і тиістілігіне қарай басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Ал, 130 арыз жұмыс беруші мен жұмыскерді татуластыру арқылы шешімдерін тапқан. Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 1770 жұмыс берушідегі 7316 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылды. Ал, Жамбыл облысында 11 646 кәсіпорын жұмыс атқаруда, бүгінгі күнге бұл ұйымдарда 10 829 ұжымдық шарттар жасалған. Ұжымдық шарттар жасалған кәсіпорындар мен ұйымдардың көлемі облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 92,9 пайызды құрады. Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасындағы «Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» бойынша 2022 жылы 85 пайызға орындау жоспары қойылған, 2022 жылға жоспарда енгізілуі тиіс еңбек шарттарының жоспары 31 236-ны құрап, 31 448 еңбек шарттары ақпараттық жүйеге енгізілді немесе 100,6 пайызға орындалып отыр. Сонымен қатар, 2022 жылы барлық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың 111 комиссия отырыстары өткізілген. Бұл орайда, атап өтетін мәселе, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеруге мораторий жариялауына орай, осы санаттағы кәсіпорындарға қатысты жұмыскерлердің шағымдары үшжақты комиссиялар арқылы шешімін тауып келді.Нақтырақ айтар болсақ, осы комиссияларда жыл басынан бері барлығы 180 мәселе қаралып, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріндегі 889 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалып отыр. Сонымен қатар, 2022 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп 14 кәсіпорында 852 миллион теңгенің жалақы қарыздарын анықтап, олар толығымен жойылды. Осының нәтижесінде 3430 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Жалақы қарызы бойынша мәселелер әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында қаралып, кәсіпорын басшыларының есептері тыңдалып отырады. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы облыстың 1652 кәсіпорны (44 ірі, 27 орта, 1581 шағын) 47 538 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 32,9 пайызға көтеріп отыр. Еңбек қатынастары саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарының алдын алу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторларымен тұрақты түрде ақпараттық түсіндірме жұмыстары атқарылуда. Атап айтар болсақ, жыл басынан облыстық 225 еңбек ұжымдарында 2630 жұмыскердің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларымен жыл басынан жеке қабылдау жұмыстары барысында облыстық 224 тұрғынға еңбек заңнамаларымен қатысты консультативтік кеңестер берілді. Одан бөлек, 225 іс-шара ұйымдастырылып (ашық есік күндері, семинар-кеңестер, еңбек ұжымдарымен кездесу және т.б.), бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 340 ақпараттық мақалалар жарық көрді. Басқармамен атқарылып отырған өзекті мәселелердің бірі – облыс аумағында орналасқан еңбек ұжымдарындағы ахуалын бақылау мәселесі тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және облыс әкімінің өкімімен (2022 жылғы 3 наурыздағы №47-ө) еңбек жанжалдарының алдын алу мен болдырмауға бағытталған алгоритмі әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы, еңбек жағдайларының ахуалын бақылауда ұстау мақсатында еңбек тәуекел қаупі жоғары кәсіпорындардың тізімі жасақталып, «Ыстық нүкте» картасына аудандар бөлінісінде 10 кәсіпорын енгізіліп отыр. Облыстағы еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінде әлеуметтік-еңбек жағдайларын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтар құрылып, олармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «WhatsApp» желісінде арнайы чат құрылып, оған аудандық әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтардың төрағалары (аудан әкімдерінің орынбасарлары) енгізіліп, күнделікті ақпарат алмасу мәселесі жолға қойылып, еңбек инспекторларымен де аудандық үшжақты комиссиялардың жұмысшы органдарымен байланыс орнатылып, еңбек жағдайларын тұрақты мониторингілеп отыруда.  

Жанат МҰХАТАЕВА,

облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы мониторинг және құжаттама бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар