Жаңалықтар
Дулати университетінің жас журналистері олимпиадада үшінші орынға ие болды
- author «Ақ жол»
- 5 сәуір, 2023
- 986
Дулати университетінің жас журналистері олимпиадада үшінші орынға ие болды
Жуырда Сүлеймен Демирел атындағы университеттің ұйымдастыруымен «Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша ХV республикалық пәндік олимпиада өтіп, оған 17 жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Тартысты өткен білім бәйгесінде Дулати университетінің "Филология және журналистика" кафедрасының аға оқытушысы Зәуреш Қойгелдиеваның жетекшілігімен журналистика ББ студенттері Асан Нұрдәулет, Орынбасар Диана, Серпен Серікболсын бақ сынаған болатын. Пән олимпиадасының қорытындысы бойынша І орынды Қазақ-Америка университеті командасы иеленсе, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары ІІ орын жүлдегерлері атанды. Ал ІІІ орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ командалары бөлісті.
Сонымен қатар, СДУ ұжымы олимпиадаға қатысушылардың арасында әлеуметтік желіде байқау жариялап, нәтижесінде Дулати университетінің студенті Асан Нұрдәулет "Үздік Stories" номинациясымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




