- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

113

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбекақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 263131 302255

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630, 87057541299, e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының жер қатынастарын реттеу бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №03-4.

Функционалдық міндеттері: А блогы. Жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес жұмыстарды жүргізу;өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау; нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеу, осы жоба бойынша жұмыстар жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін орындау; хаттар мен өтініштерді қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: агрономия немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №5-2-2, (уақытша, бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 26.09.2024 жылға дейін) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блогы. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау, ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақтылы дайындау. Бағдарлама аясында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде болжамдық қажеттілік туралы мәліметтерді жинақтау және жалпылау. Облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын қалыптастыру, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру, есептілікті жүргізіп, тиісті органдарға жолдау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс істеу және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, консультативтік, іс-тәжірибелік жұмыс жүргізу. Аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының статистикалық есептіліктерінің «Еңбек рыногы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес келуін қадағалауды қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту мәселесі туралы жобалық басқаруды үйлестіру және мәліметтерді дайындау Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау, ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақтылы дайындау. Уәкілетті органдарға жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген нысаналы топтар туралы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөніндегі мәліметтерді, ақпараттарды жалпылау мен талдау. Нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруда әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

3.Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы санаты D-O-4, 1 бірлік, №03-1-9, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блогы. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеруге қатысу. Өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқықтану немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының туризм саласындағы жобаларды ілгерілету және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №03-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Қазақстан Респбуликасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс әкімдігінде өтетін кеңестер хаттамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының министрлігіне туристік саланы жетілдіру мәселелері жөнінде әзірленетін нормативтік-құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу. Туризм саласындағы жобаларды ілгерілету. Туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу. Өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асыру. Өңірдегі туристік мүмкіндіктерге сараптамалық зерттеу жұмыстарын жүргізу және туристік саланы дамыту үшін ұсыныстар енгізу. Туризм саласында қызмет көрсетіп отырған туристік ұйымдармен семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыру. Туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және облыс аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе халықаралық қатынастар немесе қызмет көрсету (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спортты дамыту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №3-2, 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: А блогы. Өз құзыреті шегінде бөлімнің алдағы және ағымды жоспарларын әзірлеу; басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындау; бұқаралық спорт түрлері бойынша өткізілген жарыс қорытындылары бойынша хаттамаларға сараптама жүргізу және оларға қорытынды жасау; бұқаралық спорт түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында өткізілген спорттық шараларды бұқаралық ақпарат құралдары мен басқарма сайтына уақтылы беру; бұқаралық спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларының республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректерге талдау жасау; дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорттық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, облыста өткізілетін спорттық жарыстардың күнтізбелік жарыстарының жоспарын әзірлеу; облыстағы спорттық нысандарын есепке алу бойынша мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi жинақтап, уәкiлеттi органдарға табыстау; жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәліметін жинақтау және спорт саласындағы уәкілетті органға жіберу; кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мен жолын кесу мақсатында «Қиын» тобындағы және «Жайсыз» отбасынан шыққан балалардың спортпен айналысуға тартылуы бойынша жұмыстардың спорт мектептерінде жүргізілуін және ол туралы мәліметтерді прокуратура органдарына мерзімінде жинақталып, жолдануын қамтамасыз ету; Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жөнінде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсету; мектептен тыс білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін және де басқа да оқу орындарында дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын үйлестіру; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 7 маусымдағы №70 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (1-ДШ) бойынша есептерді Тараз қаласы мен аудандардан қабылдап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне тапсыру; бұқаралық спорт түрлері бойынша атқарылған жұмыстар бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар және ақпараттар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – педагогика ғылымдары немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: дене шынықтыру және спорт немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262433630, 87057541299, e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа- сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ____________________________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________________________

Байланыс телефондары: ________________________________________________________________

e-mail: _______________________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

20 __ ж. «___»_______________

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

 ________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО (түрлі түсті/

цветное, 3х4)

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/ Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі/ Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/ Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/ должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған / приема босатылған /увольнения
_____________________

Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

_______________

күні / дата

 

Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support