Тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген Тараз қаласы және Жамбыл ауданының тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, баспана және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Айталық, тараздық Сахабек Бердіқожаев Мойынқұм ауданының ауылшаруашылық саласын дамыту үшін әзірленген бизнес жоспарымен таныстырса, Жамбыл ауданынан келген азаматша «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспана мәселесін шешіп беруді сұрады.
Өзге де азаматтар түрлі мәселелерін жеткізіп, атқарушы билік тарапынан қолғабыс етулерін өтінді.
Облыс әкімі барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыру, зерделеу жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




