«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алматыда электрондық оқыту жүйелеріне арналған конференцияда 100-ге жуық мектептің педагогтары бас қосты

Алматыда электрондық оқыту жүйелеріне арналған конференцияда 100-ге жуық мектептің педагогтары бас қосты
ашық дереккөз
Алматыда электрондық оқыту жүйелеріне арналған конференцияда 100-ге жуық мектептің педагогтары бас қосты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «XXI ғасырдың білім саласындағы электрондық оқытудың келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өтіп жатқан аталмыш шараға Алматы қаласындағы 100-ге жуық мектептің педагогтары мен бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуда.

«Бұл конференция Тұңғыш Президент күніне орайластырылған. Өйткені Елбасы өз Жолдауында білім саласындағы инновациялық технологиялардың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Сондықтан бұл жиын білім саласындағы электрондық оқыту және қашықтықтан оқыту жүйелеріне арналып отыр. Қазіргі таңда педагогтар қауымы заман талабына сай, оқыту жүйесінде қолданылатын барлық замануи сандық технологияларды жетік меңгерулері тиіс» - деді өз сөзінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы - білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры Гүлнәр Балақаева.

Аталмыш конференцияға Intel корпорациясының әзірлеген «Болашаққа арналған оқыту» бағдарламасының мамандары да қатысуда. Екі күнге созылатын жиын барысында олар аталмыш бағдарлама бойынша педагогтар расында бірқатар шеберлік сыныптарын жүргізеді. Онда мұғалімдер өз пәндерінде қолданылатын сандық технологияларды меңгеріп, оларды қолдану бойынша біліктіліктерін арттырады.

kazinfor.kz

Ұқсас жаңалықтар