Жаңалықтар
Нұржан Нұржігітов оқушылармен бірге ағаш көшетін отырғызды
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2023
- 599
Нұржан Нұржігітов оқушылармен бірге ағаш көшетін отырғызды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары барысында Құлан ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепке барды. 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен мектепте қазіргі таңда 320 оқушы білім алуда.
Аймақ басшысы оқу ордасының жұмысымен танысып, оқушылармен әңгімелесті.
Еліміздің жарқын болашағы үшін балалардың білімді, жан-жақты болып өсуі керектігін атап өтті.
Аймақ басшысы мектеп оқушыларымен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, жақсы тілек тіледі.
Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан бойынша 20 мың ағаш отырғызу жоспарланған.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




