Туристер арасында ең танымал жерлер
Өткен жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келген. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Саяхатшылар Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде демалды, қайда барды? Назарларыңызға туристер арасында еліміздің ең танымал және көрікті жерлерінің алғашқы бестігін ұсынамыз. Бесінші орында – Шарын шатқалы. Шалғай жатқанына қарамастан, Шарын шатқалы саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған. Төртінші орында – Баянауыл. Баянауылға бару бүгінде ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған. Үшінші орында – Көлсай көлдері. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады. Екінші орында – Бурабай. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам саяхаттаған. Бірінші орында – Іле Алатауы. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді