Жол сапасы сын көтермейді
Жасыратыны жоқ, бүгінде облыс аумағындағы тас жолдардың сапасы көңіл көншітпейді. Тіпті, кейбір аймақтар ұңқыр-шұңқыр көшелерден көз ашпай келеді. Ал бұл жайтқа кім кінәлі? Мәселе қалай шешілмек? Өңір бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» мамандарының айтуынша, жолышалыр жыл сайын қара жолдарды сараптамадан өткізгенімен, тексеріс нәтижесінде бұзу фактілерінің саны азаймай отыр. Мамандар «мердігерлерге жол салу кезінде жіберген олқылықтарын ретке келтіру керектігін жиі ескертеміз» дейді. - Жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдар желісіне 66 рет шығу сапары ұйымдастырылды. Бұл уақытта 74 дана жол құрылыс материалдарына сынама жасалынды. Бұдан бөлек, 45 жол ақауларына қатысты ескерту берілді. Бүгінде тапсырыс берушінің тікелей араласуымен бұл кемшіліктер жойылды. Атап өтерлігі, жол құрылысын жүзеге асыруға ниетті мердігерлер қаржыны мақсатты жұмсағаны жөн, - дейді филиалдың сапа және мемлекеттік инженері Ахметжан Бименов.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді