Кел, Наурызым!
Наурыз шықты. Көктемменен,
Бүршік жарды тал-дарақ.
Бой ұмсынып көкке өрлеген,
Тұрмын тауға мен қарап.
Түлеп жатыр тылсым әлем,
Жайнап, гүлдеп, жаңарып.
Табиғаттың бір сыңары ем,
Тыныстайын кең алып.
Сергітпесін мені неге,
Саф ауаның самалы.
Тәтті шақтан тебірене,
Кеудем жырға толады.
Күлімдеген күн нұрымен,
Құлпыруда айналам.
Ел қауышып бір-бірімен,
Наурыз тойын тойлаған.
Жылды қарсы ап жұртым жатыр,
Салтымыз сол баяғы.
Күн теңеліп түн түрді ақыр,
Айға аңсар ауады.
Дастарқанын бәрі аямас,
Ұлт дәстүрі бар тағы –
Жеті түрлі дәм аралас,
Жыл көжесін тартады.
Кел, Наурызым!
Жаңа шырай, Жер дүниені жасандыр.
Көптен бері дәл осылай,
Тамсанып ек қашан бір.
Самғап ғалам көгіне еркін,
Шыға берсін тек төрге.
Уа, Жасаған, момын елдің.
Қуанышын көп көрме!
Адамдардың алып-ұшқан,
Аппақ көңіл-күйін біл.
Сақтап сәтін сағынысқан,
Ұзағынан сүйіндір!
Үміт БИТЕНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




