Жаңалықтар
Жамбылдық делегация өңіраралық инвестициялық форумға қатысты
- author «Ақ жол»
- 21 наурыз, 2023
- 631
Жамбылдық делегация өңіраралық инвестициялық форумға қатысты
Шымкент қаласында "SHYMKENT INVESTMENT - 2023" өңіраралық инвестициялық форумы өтуде. Форумға шетелдік әлеуетті инвесторлар, отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары қатысты. Ал, жамбылдық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, басқарма басшылары, тауар өндірушілер мен қолөнершілер бар.
Форум алаңында еліміздің оңтүстік өңірлерінің - Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, экономикалық даму қарқынын күшейту, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Жиында облыс әкімінің орынбасары баяндама жасап, Жамбыл жерінде индустриялық-аграрлық сала қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– Облыстың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын 120 мың гектар алқаптан 1 млн. тонна көкөніс жиналады. Аймақта ет және оны өңдеу, құс шаруашылығы өндірісінде көрсеткіш жоғары, - деді Қанатбек Мәдібек.Сондай-ақ ол аймаққа инвестиция тарту жұмыстарына да тоқталып өтті.
– Инвесторларға жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап. Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын инвестициялық штаб жұмыс істейді. Әлеуетті инвесторларға ұсынылатын жалпы сомасы 3,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын 24 жобаның тізімі әзірленген, - деді облыс әкімінің орынбасары.Форум аясында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялар меморандумға қол қойды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




