Шу ауданы
Шу ауданының тұрғындары еліміздегі саяси науқанға белсене атсалысып, таңсәріден өз таңдауларын жасады. Ең алғашқы дауыс беруші таңғы сағат 7.00-де Шу қаласындағы No453 сайлау учаскесінде тіркелді.
Құқық қорғау органдарында қызмет ететін Ілияс Қазбек тарихи таңдаудан тыс қалмау керектігін айтып, аудан тұрғындарын дауыс беруге шақырды.
Жалпы, аудан бойынша 44 сайлау учаскесі болса, онда барлығы 63 946 сайлаушы бар, оның 1132-сі ең алғаш дауыс берушілер. Осыған орай, таңғы 8:00- де бастау алған саяси науқанда аудандық мәдениет үйінің алаңында концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сонымен қатар, әр учаскеде сайлаушылардың көңілін көтеруге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, алғаш дауыс берушілер мен сайлау учаскелеріне алғаш болып келгендерге естелік сыйлықтар табысталды.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




