Жаңалықтар
Таразда «Наурыз - құт береке бастауы» атты балалар фестивалі өтті
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2023
- 614
Таразда «Наурыз - құт береке бастауы» атты балалар фестивалі өтті
Наурыз мерекесіне орай Таразда «Наурыз - құт береке бастауы!» атты балалар фестивалі өтті. Шараға білім бөлімінің мамандары, оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен ата-аналар қатысты.
Фестиваль 7 шығармашылық аймаққа, атап айтқанда, «Фото», «Бауырсақ Пати», «Шығармашылық», «Ұлы дала сұлулығы», «Мерекелік», «Спорттық», «Ойын-сауық» болып бөлінді. Балалар қалауынша әр аймаққа бөлініп, өнер көрсетіп, сондай-ақ сурет салып жарысты. Бұдан бөлек, спорттық бәсекелер ұйымдастырылды.
Жалпы, фестивальде 600 бала қатысты. Шара барысында оларға ыстық бауырсақтар таратылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




