Таразда тоғызқұмалақтан жасөсіпрімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтуде
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2023
- 624
Әз-Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылуы өтті.
20-27 наурыз аралығында өтетін чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы20 құрама команда қатысып жатыр.
Бүгінгі күні чемпионаттың классикатүрінен 350 ойыншы бақ сынауда десек, рапид және блиц түрлерінен тағы 50-ге жуық спортшы жарысқа түспек.
Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының вице-президенті Батырбек Құлекеев, спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Даулет Абдикаримов сөз сөйлеп, тоғызқұмалақ ойынының маңыздылығын атап өтті.
Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етуде.
Айта кетейік, жарысқа Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, аймақ намысын қорғауда.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




