Жастар Елбасымен бірге

Жастар  Елбасымен бірге
ашық дереккөз
Жастар Елбасымен бірге

Тәуелсіз еліміздің ұландары үшін еңбекпен есейген, парасат пайымымен зау биіктерді бағындырған, салиқалы саясатымен ел басқарып отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы–тағылымды жол. Мектеп қабырғасындағы бүлдіршін Президент болуды армандайды, жастар Ұлт Көшбасшысын үлгі тұтады. Тұңғыш Президент күніне орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Жастар Елбасымен бірге» атты акциясында бұған көзіміз айқын жете түсті.

Институттың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова флешмоб өткізуге студенттердің өзі ұйытқы болғанын айтады. Студенттер осы іс-шара арқылы белсенді өмір салтын ұстанатындықтарын, Елбасын қолдайтындықтарын көрсетті. Мемлекет басшысының өмір жолынан көрініс беретін бейнефильмді тамашалап, ән мен жырдан шашу шашты. Көкке бейбітшілік символы – ақ көгершіндерді ұшырды. Бұл – студенттердің Президенттің елдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты қастерлеуіміз керек деген ұстанымын жоғары бағалайтындығын аңғартқандай. Жастардың бастамасы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасын тапты. Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының студенттері Елбасы еңбектері мен Ұлт Көшбасшысы туралы жазылған кітаптарды насихаттау үшін аталмыш кітапханаға жиналды. Мекеменің фойесіне кітап көрмесі қойылып, белсенді жастар Мемлекет басшысының өмір жолы мен еңбектері туралы баяндамалар жасады. «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты патриоттық флешмобты өткізуге кітапхана және облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру орталығы дирекциясының қызметкерлері мұрындық болғанын айта кету керек.

Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар