Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасында Наурыз мерекесіне орай, халқымыздың салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Бақ-берекем, құт-берекем – әз-Наурыз» атты әдеби- сазды кеш өткізілді.
Оқырмандарға Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер беріліп, қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу рәсімі көрсетілді. Онда Әзизхан Қайрат есімді 1 жасар сәбидің тұсауы кесілді. Бүлдіршіннің тұсауын Тараз қаласындағы Шолохов атындағы кітапхананың меңгерушісі Айнаш Тасмаханбетова қиды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы балалар жыл басы жайлы өлеңдер оқып, әндер орындады. Тақырыпқа байланысты «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Наурыз тойының шығу төркіні, қазақ халқының әдет- ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамдары туралы әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Осылайша, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттады.
Гүлзада БӨЛЕНТАЕВА,
№4 кітапхана меңгерушісі.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді