Жаңалықтар
ҚР ОСК: сағат 22.10-дағы азаматтардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2023
- 167
ҚР ОСК: сағат 22.10-дағы азаматтардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат
2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды. Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 57,02%
2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%
4. Алматы облысы бойынша – 60,03%
5. Атырау облысы бойынша – 51,23%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%
11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
18. Астана қаласы бойынша – 42,91%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%
20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%
ҚР Орталық сайлау комиссиясы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді