Жаңалықтар
«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының төрағасы: 600-ден астам оқыту жұмыстары өткізілді
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2023
- 573
«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының төрағасы: 600-ден астам оқыту жұмыстары өткізілді
Парламенттің жаңа форматтағы сайлау науқанына тиянақты дайындық жүргізілді. 600-ден астам республикалық, өңірлік деңгейде оффлайн және онлайн форматта халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту жұмыстары өткізілді. Бүгін таңғы сағат алтыдан бастап ел бойынша қазақстандық байқаушылар 9790 ашық сайлау учаскесінде бақылау жұмыстарына кірісті. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы Төлеген Құнәділов мәлімдеді.
«Бұл науқан күрделі, бір адамға қалаларда 4, өңірлерде 5 бюллетень беріледі. Сондықтан ұзаққа созылуы ықтимал болғандықтан, әр сайлау учаскесіне 2 адамнан дайындадық. Олар сағат 15.00-16.00 аралығында ауысып, екінші байқаушы қорытынды хаттама шығарылғанға дейін бақылайтын болады. Өңірлерде ахуалдық орталықтар ашылды, оған нақты уақыт режимінде қандай да бір оқиғалар, стандарттық емес жағдайлар, заң бұзушылықтар бойынша ақпараттар түседі», - деді Т. Құнәділов.Оның айтуынша, саяси партиялардың немесе заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті сайлау комиссияларында аккредитациядан өткен үкіметтік емес ұйым өкілдері байқаушы бола алады. Байқаушылар пулы бірнеше науқанға қатысқан азаматтардан қалыптастырылады. Бұл өз кезегінде сайлау үрдісін әділ және объективті бағалауға мүмкіндік береді.
ҚР Орталық коммуникациялар қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




