Жамбыл облысының әкімі дауыс берді
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады.
Аймақ басшысы Тараз қаласының «Астана» (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
Бұл учаскеде 2809 сайлаушы тіркелген.
Облыс әкімі бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысында 499 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, олардың барлығында дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді