50-сайлау учаскесінде 2 809 адам тiркелген
Таңертеңгі сағат 10:30-ға дейін 200-ден аса сайлаушы дауыс берді.
Оның ішінде қарт кісілер, ҰОС-ң ардагерлері, еңбек ардагерлері, жаңадан бірінші рет дауыс беруге келгендері бар.
“Сағат 12-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде дауыс беруге өтініштер қабылдаймыз. Мүгедектігі бар тұлғалардан екі өтініш түскен. Оларға үйлеріне барып дауыстарын алу үшін комиссия шығады”,-дейді учаске төрайымы Төлеу Салтанат Ерсағатқызы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасаған аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов те осы сайлау учаскесінде, яғни, Тараз қаласының «Астана» (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
Сағат 10:10-дағы дерек бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 14,21% дауыс берсе,
Жамбыл облысында 16,54% сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.
Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген. Сайлау бір қалыпты өтіп жатыр.
Үміт Битенова
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді