Есімі ел есіндегі ақын
Тараз қаласындағы «Бүркітәлі» бастауыш мектебі ұжымының ұйытқы болуымен ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры Хамит Есаман, ақын, республикалық «Eqemen Qazaqstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев сөз сөйлеп, ақын шығармаларының ғасырлар бойы жасай беретінін айтты. Әдемі әндермен әдіптелген кеш барысында ұстаздар қауымы Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түсті. Он жеті үміткер бақ сынаған байқауға мұғалімдердің тыңғылықты дайындықпен келгені қуантты. Олар ақиық ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын, «Сәби ана», «Шеше», «Жоқ, дәрігер» секілді өзге де ғажап өлеңдерін жатқа оқып, жиналған жұртшылықты бір серпілтті.
Байқау қорытындысы бойынша «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналық көрініс ретінде әдемі алып шыққан Айгүл Таутаеваға бас жүлде бұйырса, Әйгерім Иманбаева жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, Аружан Балтабай екінші орын жүлдегері атанса, Еркен Махановқа жүлделі үшінші орын бұйырды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді