- Advertisement -

Аманның екі алтыны…

127

- Advertisement -

Астанада 11-12 наурыз күндері ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дәстүрлі жарысқа қазақ елінің барлық өңірлерінен спорт шеберлері мен саламатты өмір салтын ұстанып, жүгіруді әуес еткен таңдаулы марафоншылар қатысты.

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының қолдауымен облыс намысын қорғаған үш марафоншы республикалық додада топ жарып, екі алтын, бір күміс, үш қола жүлдені қанжығасына байлап қайтты.

Әлемнің 6 дүркін чемпионы Сергей Поликарпов сынды саңлақтар қатысқан жарыс оңай бола қойған жоқ. Дегенмен, өнер мен спортты қатар серік еткен Аман Малдыбаев қанжығасына қос бірдей алтын байлады. Жамбылдық желаяқ 60 метрлік қашықтықты 10 секундта, 200 метрлікті 33 секундта жүгіріп өтіп, қос алтын жүлдені иеленді. Сондай-ақ, жамбылдықтар Евгений Шкедов бір күміс, екі қола жүлде иеленсе, Сана Жұмағұлова қола жүлде алды.

Жамбылдық желаяқтар алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына жол түссе, облыстың ғана емес, қазақ елінің көк Туын желбіретіп, атын аспандатамыз деп отыр.

 

Амангелді ӘБІЛ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support