Жаңалықтар
Алдағы парламенттік сайлауды ЕҚЫҰ-ның 400-ден астам өкілі бақылайды
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2023
- 587
Алдағы парламенттік сайлауды ЕҚЫҰ-ның 400-ден астам өкілі бақылайды
Алдағы парламенттік сайлауды бақылау үшін ЕҚЫҰ-дан Қазақстанға 400-ден астам бақылаушы келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. Спикердің айтуынша, бұл халықаралық бақылаушылардың ең ірі миссиясы. Өткен аптада ЕҚЫҰ миссиясының аралық есебі шықты, онда халықаралық сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасына оң баға берді. ЕҚЫҰ-дан осы сайлауға ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы ретінде ирландиялық саясаткер Оуэн Мерфи, бюро директоры Маттео Мекаччи, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы ретінде австриялық депутат Райнхольд Лопатка, ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының басшысы ретінде Кипр Республикасының депутаты Ирен Хараламбидес және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Маргарет Седерфельт сияқты жоғары дәрежелі халықаралық шенеуніктер келетінін атап өтуге тұрарлық, деді ҚР СІМ басшысының орынбасары.
«ЕҚЫҰ тарапынан мұншалық назар аударылуы – Қазақстанның осы ұйыммен белсенді әрі нысаналы жұмысының нәтижесі, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстан құру мақсатында жүргізіліп отырған еліміздегі ауқымды реформаларға халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық пен қолдаудың бар екенінің дәлелі», - деп санайды Роман Василенко.
Орталық коммуникациялар қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




