Нәзіктік пен сұлулық, мейірім мерекесі
Ардақты аналар, құрметті қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Өйткені, ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Қай кезеңде әйелдер қауымының алар орны айрықша жоғары. Жер бетіндегі жақсылық, ұлылық пен ізгілік атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды. Сіздердің бойларыңызда нәзіктік пен сұлулық, ақыл мен парасат, төзімділік пен өрлік сияқты қасиеттер үндесе үйлесіп жатады. Халқымызда «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген аталы сөз бар. Бұл – Анаға деген құрметтің ең биігі, шынар шыңы деп білеміз. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі. Еліміздің өркендеуі мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында нәзік жандардың да еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Әсіресе, рухани салада қол жеткен табыстарымызға әйелдер ерекше үлес қосып келеді. Мемлекетімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсіп келеді. Бұл жұмыстар біздің облысымызда да жүйелі жүзеге асуда. Барша аналар мен аруларды көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Шуақты, бақытты сәттеріңіз таусылмасын!Нұржан НҰРЖІГІТОВ,
Жамбыл облысының әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді