![«Ұмыттым ба деп жүрсем...»](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/03/17c37b03-3312-43ce-8147-576f1d9f8c0a.jpeg)
«Ұмыттым ба деп жүрсем...»
«Ұмыттым ба деп жүрсем...»
«Aq jol» газетінде ұзақ жыл бөлім басшысы болып еңбек еткен Лесбек Сайлаубек – мықты журналист, талантты балалар ақыны еді. Әттең, бес күндік жалғаннан ерте кетті. Оның «Іңкәр сезім» өлеңіне белгілі композитор, күйші Аман Малдыбаев ән жазды. Лесбек әріптес сөзін жазған «Іңкәр сезім» әні өнерсүйер қауым арасында «Жалын кешкен» аталып кеткен. «Ақжолдықтардың» мерекелік және туған күн кештерінде міндетті түрде осы ән шырқалатын. Бүгінде елге белгілі әншілердің орындауында кең-байтақ қазақ елінің әр қиырында айтылып келеді. Жақында «Лесбек әріптес-досыңның «Ұмыттым ба деп жүрсем...» атты өлеңіне Дүйсенәлі Бықыбаев ән жазды» дейді өнерге жақын жүрген достардың бірі. Жергілікті композиторды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарып жүрген кезінен білемін, аралас-құралас жүрдік. «Дулат баба», «Тараз керуені», «Ұлы дала сазы» және тағы басқа да күйлерін талай тыңдағанбыз. Кәріпжан Нүсіптің өлеңіне жазылған «Біз екеуміз», жергілікті ақын Ғайни Әлімбекқызының өлеңіне шығарған «Қаздар қайтқанда» әні тағы басқа да әндерін Жамбылдан шыққан сахна жұлдыздары Досымжан Таңатаров пен Саят Медеуов орындап жүр. Басқа да әндерін қазақтың белгілі әншілері орындайды.![width=](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/03/38151f3a-813e-464d-b650-7cbdf3d801d0-233x300.jpeg)
Амангелді ӘБІЛ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді