Ризалығымды білдіремін
Жаратқанға, бүр жарған тіршілікке разылығымызды білдіріп, шуақты күн көзінен мейірім ала білейік. Наурыз айы туғанда, халық мәре-сәре күй кешіп, көктемнен-көктемге жеткен ыстық құшақтарын жайып, шүкір етеді. Мен де көктемнің көңілді күніне орай өз алғысымды барша жер бетін мекен еткен жандарға білдіргім келеді. Ең алдымен тоғыз ай он күн көтерген аналарға барша жер бетіндегі ұл-қыздардың атынан алғыс айтқым келеді. Одан кейін қамқорлық танытып, арқамыздан қағып өсірген әкелерге ризалығымды білдіремін. Артымызда қалдырар із сыйлаған жұптарымызға да мың рақмет! Сан тарау жолымызды бірге өткізіп, күз бен қыстың суығында қасқайып қасымызда жүрген әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Әсіресе, осы тілектерімді жеткізіп, барша оқырмандармен бөлісіп отырған «Aq jol» газетінің ұжымына ең ерекше алғысымды жолдаймын!
Әсет БЕКТАЕВ,
Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 58 республикалық мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




