Жаңалықтар
Таразда әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойы аталып өтті
- author «Ақ жол»
- 28 ақпан, 2023
- 244
Таразда әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойы аталып өтті
Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойына және «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына арналған концерт өтті. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мерекелік шараға қатысып, ізгі лебізін жеткізді.
- Қазақ өнерінде ойып тұрып орын алған, сонау 1967 жылы негізі қаланып, эстрадалық жанрда әлі күнге дейін сахна төрінде өнерін паш етіп жүрген «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығы құтты болсын! Ал, осы ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі Мұрат ағаны да 75 жас мерейтойымен құттықтаймын! Кенен Әзірбаевтай әнші-жыршыны дүниеге әкелген қасиетті Қордай ауданының тумасы, жерлесіміз ретінде Сізді мақтан тұтамыз. Сіздің қазақ өнеріне сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Жарты ғасырдан астам уақыт қазақ даласын әуезді әнмен тербеген «Дос-Мұқасан» ансамблін білмейтін адам кемде кем. Өзіміз бала кезімізден тыңдап өскен «Той жыры» әні сол кездердегі үйлену тойларының «гимніне» айналды десем артық емес. Ансамбльдің репертуарындағы өз шығармаларынан бөлек, қазақтың халық әндері де тыңдарман қауымды әдемі әсерге бөлеп, әсем әуенмен тербеп келеді. Алдағы уақытта да шығармашылық жолдарыңызға толағай табыстар, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін,-дей келе Нұржан Нұржігітов мерейтой иесіне сый-сияпат жасады.Шара барысында жиналған жұртшылыққа ретро стильдегі әндерден концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді