сарыкемер ауылында көрнекті композитор, дәулескер күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиев атындағы әншілер мен күйшілердің ІV республикалық байқауы басталды
Қазақтың маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі, ән өнерінің корифейіне айналған сан қырлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттауға арналған «Кел, еркем, Алатауыңа!» атты әншілер мен күйшілердің IV республикалық байқауы басталды.
Атырау, Алтай арасын былай қойғанда, күллі әлемге әндері мәшһүр болған, ғасырда бір туатын Алаштың аймаңдай ұлының шығармашылығын насихаттауды мақсат еткен байқауға еліміздің әр қиырынан 27 үміткер қатысуда. Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде алдымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараның ашылу салтанатында Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Шүкеев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
(Байқау қорытындысын газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар).
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




