Жаңалықтар
Биыл мектепке дейінгі білім берудің 21 мың педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
- author «Ақ жол»
- 21 ақпан, 2023
- 599
Биыл мектепке дейінгі білім берудің 21 мың педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде – 41 596, қалада – 55 811. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева осындай мәліметтерді жария етті. Баланың дамуының маңызды факторы – мұғалімнің кәсібилігі.
«Жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде болып жатқан өзгерістер шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтер саны артып келеді. Мәселен, 2022 жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің 14 мыңнан астам педагогі курстарды бітірсе, 2023 жылы олардың саны 21 мыңға жетеді», – деді Н. Жұмаділдаева.Оқу-ағарту министрлігі өкілінің айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің мәртебесін арттыру үшін жалақыны ұлғайту және тәрбиеші – бала жүктемесін ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштеріне дейін төмендету тетіктері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар министрлік жергілікті атқарушы органдарға мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың дуалды жүйесін белсенді қолдануды ұсынады, осылайша студенттер мектепке дейінгі ұйымдарға ертерек барып, дағдыларды меңгеріп, осы салада қалады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




